KazNARU

ГЕРМАНИЯНЫҢ APOLLO e.V. ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ KazNARU СТУДЕНТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

✅ 2025 жылғы 3-5 ақпан аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Германияның APOLLO e.V. (Экология, ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту саласындағы ынтымақтастық қауымдастығы) ұйымдастырған іс-шаралар өуде.

✅ Іс-шаралардың негізгі мақсаты – аграрлық бағыттағы талантты білім алушыларды Германияда халықаралық тәжірибеден өту процесімен таныстыру және тағылымдама бағдарламасының алғашқы кезеңін жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.

Оның аясында өтетін басты шаралар:

● Тағылымдама бағдарламасы бойынша студенттерге кеңес беру;

● Тағылымдамадан өтетін кандидаттармен іріктеу сұхбаттары.

✅ Германиядағы тағылымдама тегін ұйымдастырылады: жол жүру, тұру ақысы, неміс тілін оқыту және визалық қолдау шығындары APOLLO e.V. ұйымы тарапынан төленеді.

✅ Кандидаттармен жұмыс жасау мақсатында арнайы келген ҚазҰАЗУ-не APOLLO e.V. өкілдері: Йоханн Гёрцен, Александра Ситенко және Мари Арндт бекітілген бағдарлама бойынша өз презентацияларын өткізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Олар жоғары білім алуға барлық жағдайды жасап отырған университет басшылығына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, KazNARU профессор-оқытушыларымен бірлесе тағылымдамаға баратын ең лайықты кандидаттарды таңдау басталады.

✅ Университеттің Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рафис Абазов соңғы кезеңдерде оқу ордамызда халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келе жатқанын, студенттерге кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызылғанын атап өтті. Солардың бірі APOLLO e.V. бағдарламасы қазіргі заманғы аграрлық технологиялар мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жол ашады.

✅ Германияда экология, ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту саласында халықаралық тағылымдамадан өтуге ынталы студенттерді белгіленген сынаққа белсене қатысуға шақырамыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник