ХАБАРЛАНДЫРУ! «ҚазҰАЗУ» КЕАҚ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдаудың басталуы жөнінде хабарлайды.
ҚҰЖАТТАР
2025 жылғы 01 АҚПАННАН БАСТАП 01 МАУСЫМҒА дейін
күнделікті сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін қабылданады
(сенбі, жексенбі – демалыс)
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін:
- көрсетілген кезеңде Алматы қаласы, Абай даңғылы, 28/1 (С.Сейфуллин даңғылының қиылысы) мекен-жайы бойынша орналасқан (ҚазҰАЗУ 12-оқу ғимаратына) №15 кабинетке әскери кафедраға келу қажет.
Өзімен бірге болуы тиіс:
1. Жеке куәлік (электронды нұсқада e-Gov жеке кабинетінде);
2. Сотталмағаны туралы анықтама;
3. Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) (немесе электронды нұсқада e-Gov жеке кабинетінде) әскери есепте тұрғаны туралы анықтама;
4. Факультетін және мамандығын көрсете отырып, деканаттан университетте нақты білім алуы туралы анықтама;
5. 3х4 өлшеміндегі фотосурет;
6. Жеке істі рәсімдеуге арналған екі файл.
Құжаттар:
- запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқу үшін – тек 1 курс студенттерінен (ұлдар), сондай-ақ Ветеринария және зооинженерия факультетінің 2 курс студенттерінен (ұлдар және қыздар);
- запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқу үшін – 2 курс студенттерінен және Ветеринария және зооинженерия факультетінің 3-курс студенттерінен (ұлдар) қабылданады.
ҚазҰАЗУ әскери кафедрасында оқуға келісімшарт жасаған әскери кафедрасы жоқ келесі аталған жоғары оқу орнының студенттері әскери кафедрада оқуға қабылданады:
1) Еуразия технологиялық университеті;
2) Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;
3) Алматы технологогиялық университеті;
4) «Кайнар» университеті;
5) КИМЭП;
6) «Туран» университеті.
Басқа жоғары оқу орнының студенттері тек ақылы негізде ғана оқи алады.
Әскери кафедрада оқу:
- запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде)
- запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша (тек ақылы негізде) жүзеге асырылады.
Әскери кафедрадағы оқу мерзімі:
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша – 2 жыл;
запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – 1 жыл.
Медициналық комиссиядан өту тәртібі әскери кафедрада өтініш берген сәтте түсіндіріледі.
Анықтама телефондары:
237-79-18 – әскери кафедра бойынша кезекші;