KazNARU ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Қазақ ұлттық агралық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Дани Сәрсекова Халықаралық «Үздік оқулық» байқауында жүлделі орынға ие болды.
Шығармашылық байқауды Москва қаласындағы «EDP Hub» және IPR MEDIA халықаралық баспалары бірлесіп ұйымдастырды. Байқау 4 номинация бойынша өтті.
Халықаралық байқаудың «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және ветеринария бойынша үздік оқу басылымы» номинациясы аясында Сәрсекова Дани Нұрғисақызы жүлделі 3 орыннан көрінді.
Университетіміздің абыройын асқақтатқан әріптесімізді халықаралық байқаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
KazNARU Баспасөз қызметі