KazNARU

KazNARU ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЛИТВА ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Литва денсаулық ғылымдары университеті арасындағы келісімшарт бойынша білім беру және ғылыми бағыттағы ынтымақтастық байланыстың қарқынды дамып келеді.

✅ LSMU – Медициналық және Ветеринарлық академияларды біріктіретін Литвадағы ең ірі биомедициналық университет. Оның құрылымына медицина, стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике, ветеринарлық медицина және зоотехника факультеттері кіреді.

✅ Қазіргі уақытта KazNARU оқытушылары – Абзал Абдраманов, Лаура Мамаева, Гүліим Айхожаева, Жұлдыз Сулейменова, Тоғжан Боранбаева, Қарлығаш Мұратбекова LSMU-да тағам қауіпсіздігі, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми бағдарламаларды үйрену және тәжірибе алмасу мақсатында тағылымдамадан өтуде.

Сонымен қатар, олар LSMU білім беру жүйесімен, ғылыми әзірлемелермен және мамандарды даярлаудың практикалық тәсілдерімен егжей-тегжейлі таныса отырып, университеттің факультеттері мен зерттеу орталықтарының өкілдерімен кездесулер өткізуде.

✅ Атап айтқанда, профессор Dr. Rolandas Stankevicius, Ветеринарлық академиясының канцлері профессор Dr. Mindaugas Malakauskas, Ветиринарналық медицина факультетінің деканы, профессор Dr. Rolandas Stankevicius, Зоотехника және малшаруашылығы факультетінің деканы, профессор Dr. Elena Bartkienė, қауымдастырылған профессор Vaida Andrulevičiūtė, лектор Ingrida Šinkevicien сынды білікті мамандармен кездесіп, салалық тақырыптар бойынша қажетті ақпараттар алды.

Мысалы, Зоотехника және малшаруашылығы факультеті төрт құрылымдық бөлімшені, екі институт (Animal Rearing Technologies и Biological Systems and Genetic Research) және екі бөлімді (Animal Nutrition и Animal Breeding) біріктіреді. Мұнда 300-ге жуық студент білім алып, 80 қызметкер жұмыс істейді (оның 66-сы оқытушылар мен зерттеушілер). Соңғы жылдары факультеттің ғылыми қызметкерлері 120-дан астам ғылыми еңбектерін жариялады, сондай-ақ 17 халықаралық жобаны сәтті жүзеге асырды, олардың нәтижелері фермерлік шаруашылықтарға енгізілуде.

✅ Тағылымдамадан өтушілер университеттің LSMU кітапханасы мен Анатомиялық мұражайына, Оқу сүт фермасына, жабайы табиғатты құтқару және қалпына келтіруші Wildlife Rescue Centre орталығына, химия және тағам қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізетін Химия Департаментіне, Литваның жетекші ветеринарлық клиникаларының бірі Animal Clinic клиникасына барып, озық технологияларды қолдану жұмыстарымен танысты.

✅ Профессор Arturas Stimbiris «Балықтағы биоактивті компоненттер мен паразиттер. Өнім сапасын қамтамасыз ету» және профессор Alvidas Sarlauskas «Азық – түлік сапасына қол жеткізу құны және азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында ұйымдастырған шеберлік сыныптары қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

✅ Университеттер арасындағы бұл тың жоба нарықта сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстандағы кәсіптік білім беруді жаңғырту процестеріне көмектеседі және оны Германия Экономикалық ынтымақтастық және Федералды даму министрлігі (BMZ) қаржыландырады, сонымен бірге Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) қолдап отыр.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник