KazNARU

KazNARU СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

✅ 2024 жылы Украинаның Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Аграрлық ғылымдар және азық-түлік» атты тақырыпта Халықаралық студенттік кәсіби шығармашылық байқауы өтті.

Николаев ұлттық аграрлық университетінің базасында 6 ай бойы жүргізілген байқауға Украина мен шет елдердің (АҚШ, Чехия, Словакия, Польша, Молдова, Латвия, Литва, Эстония, Қазақстан және т. б.) университеттерінің студенттері мен оқытушылары ұсынған 367 жұмыстар мен жобалар қатысты.

✅ «Қатысушылар өз баяндамалары мен презентацияларын ағылшын тілінде дайындап ұсынды, бұл олардың академиялық дайындықтары мен халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді», - дейді қазақстандық студенттің ғылыми жетекшісі профессор Айгүл Жаппарова.

✅ Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша 22 жоба үздік деп танылып, I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның ішінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша оқитыг 3-курс студенті Елиза Багдидің жұмысы үздік ғылыми зерттеу үшін III дәрежелі Дипломмен марапатталды.

✅ Сондай-ақ ғылыми жетекшісі, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры Жаппарова Айгүл Абсултанқызы халықаралық студенттік кәсіби-шығармашылық конкурсының номинантын білікті дайындағаны үшін арнайы Сертификатқа ие болды.

✅ Профессор Айгүл Жаппарова мен шәкірті Елиза Бағдиді және бүкіл команданы лайықты марапатымен құттықтай отырып, ғылымда жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектстік білдіреміз!

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник