KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ мен ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Алматы облысы, Қонаев қаласының мектеп бітіруші жоғары сынып оқушылары үшін «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында офлайн және онлайн форматында кездесу ұйымдастырылды.

✅ Кездесуге KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары, п.ғ.д., профессор Абдыров Айтжан Мухамеджанұлы, Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі Әшірәлі Сманов, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы, Қабылдау комиссиясының мамандары қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-аұ, Алматы облысы Білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Сарсенбаева Қаламкас Койшыбайқызы, мектеп директорлары мен сынып жетекшілері, жоғары сынып оқушылаыр қатысты.

✅ Жиынды ашқан Айтжан Абдыров өзінің алғы сөзінде 95 жылдық даму тарихы бар оқу ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып, кездесуге қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қазіргі таңда университетте аграрлық білім беруді заман талабына сай жүргізе отырып, білім мен ғылымды және өндірісті интеграциялау бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Әлемдік озық университеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып, білім беру бағдарламаларын жаңғырттық. Осы бағытта мектеп (лицей) – колледж – университет арасындағы тығыз байланыстарды дамытып, кәсіби бағдар беру бағытын тұрақты назарда ұстаймыз. Бүгінгі «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кездесу соның бір тармағы. Осындай кездесулер арқылы университетімізде оқығысы келетін талапкерлер қатарын толықтыруды мақсат тұтамыз», - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.

✅ Өз кезегінде Қонаев қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы Қаламкас Сарсенбаева 14 мектептің профориентолог мамандары және 654 бітіруші сыныптың оқушылары қатысып отырғанын жеткізді.

«Оқушылар үшін болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мақсатында оқу-тәрбие жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Көптеген ЖООлармен, соның ішінде, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен үнемі тығыз байланыстамыз. Өңірімізде ауыл шаруашылығы мамандарына сұраныс көп. Сондықтан, «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты онлайн кездесу мектеп бітіруші түлектеріміз үшін өте маңызды. Ұстаздар мен шәкірттер атынан осындай маңызды кездесу ұйымдастырған сіздерге ризашылығымызды білдіреміз», - деді Қаламкас Койшыбайқызы.

✅ Бұдан кейін Қабылдау комиссиясының мамандары мен факультет декандары университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері туралы кеңінен тоқталып, оқу орны туралы презентация ұсынды.

✅ Кездесу нәтижесінде университет басшылығы мен Қонаев қаласы бойынша Білім бөлімі арасында өзара ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластық жасалды.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник