KazNARU

Озық технологияларды біріктіретін орталық

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Қытай ғылым академиясы, Zhejiang технологиялық университеті, сондай-ақ ҚХР жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірлесіп, «Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы» ашылды.

Орталықтың ашылуы биыл елімізде өтетін «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитіндегі маңыз­ды оқиғаға айналмақ. Мұнда екі ел ғалымдары арасындағы өңір­лік ғылыми-техникалық инновация­­лар­ды дамытуда, өнеркәсіп сала­сын­дағы бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруға ықпал ететін жобалар жү­зеге асады.

ҰҒА президенті, академик Ақылбек Күрішбаев бірлескен орталықтың заманауи мүмкін­дік­терін таныстырып, таяу келешекте еліміздің кеңістік-уақытқа қатысты деректерді талдау және тұрақты даму саласында өңірлік көшбасшыға айналуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуын­ша, Орталық Чжэцзян техно­ло­гиялық университетімен меморандум аясында құрылған «Кеңіс­тік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөнін­дегі халықаралық бірлескен зертханасын» дамытуға ықпал етіп, Қазақстан, Қытай және Орта­лық Азия елдері арасын­дағы халықаралық ғылыми ынты­мақ­тас­тықты нығайту және озық технологияларды дамыту бағытындағы маңызды қадамға айналмақ.

Жасанды интеллект, қашық­тық­тан зондтау, геоақпараттық жүйелер және болжамды модельдеу саласындағы озық технологияларды біріктіретін зертхана қазіргі заманғы сын-тегеуріндер кезеңінде, оның ішінде климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды басқару, таби­ғи апаттар және экономиканы цифрландыруда инновациялық тәсілдер арқылы тың шешімдер, заманауи қадамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Зертхананы жабдықтап, қажет­ті жиһаз, серверлермен қамта­масыз етуді Қытай тарабы өз мін­де­тіне алып отыр. Мамандарды оқытып, семинарлар өткізумен де Zhejiang university профессоры Чен Си бастаған ғалымдар іске асырмақ.

Жасанды интеллект және геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану арқылы су ресурстарына мониторинг жасау мен басқару, су тасқыны, көшкін сияқты табиғи апаттарды ерте ескерту жүйелерін әзірлеу, энергетикалық ресурстарды оңтайландыру, ауыл шаруашылығын цифрландыру және «ақылды егіншілік» бойынша зерттеулерді екі елдің ғалымдары бірлесіп, іске асырады.

Егемен Қазақстан газеті, 14.02.2025

Толығырақ: https://egemen.kz/article/381777-ozyq-tekhnologiyalardy-biriktiretin-ortalyq

---------Chatbot---------
виртуальный помощник