KazNARU

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНТЕКСІНЕ СӘЙКЕС ДАМЫТУ

✅ Осындай тақырыппен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн және офлайн форматта Халықаралық «дөңгелек үстел» болып өтті. Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения елдерінің ғылыми қауымдастық өкілдері мен университетіміздің жетекші ғалымдары қатысты.

✅ «Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық инфрақұрылымын және ақпараттық қауіпсіздігін тұрақты даму контексіне сай дамыту» атты Халықаралық дөңгелек үстелінің негізгі мақсаты – цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында тиімді платформа құру. Цифрлық технологиялардың өмірге қарқынды енуі және ақпараттық қауіпсіздікке қауіп-қатердің артуы жағдайында бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес өңірлердің цифрлық инфрақұрылымын және ақпараттық қауіпсіздігін қорғауға ықпал ететін бірлескен стратегиялар мен бастамаларды әзірлеуге бағытталған.

✅ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Альжанова Ф.Г., Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Саяси әлеуметтану және әлеуметтік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Мещерякова Н.Н., "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығының директоры Тәжібаев Ә.Т., Қырғызстан «Sputnik» ақпараттық агенттігі мен радиосының редакторы Қаракұлов Т, Ж., Армения Республикасы Аймақтық зерттеулер және ынтымақтастық Институтының директоры Мнацаканян А.А., KazNARU Х.Д. Чурин атындағы "Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру" кафедрасының аға оқытушысы Нұрғожаев А.С. және т.б. спикерлер ЕАЭО-да ғылыми-ақпараттық кеңістікті дамыту, академиялыұ зерттеу институттары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформациясының жай-күйі мен перспективаларын шетелдермен салыстырмалы талдау сияқты көптеген тақырыптар туралы баяндамалар жасап, ой-ұсыныстарын ортаға салды.

✅ Халықаралық іс-шараныі жоғары деңгейде мазмұнды өтуіне Х.Д.Чурин атындағы "Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру" кафедрасының меңгерушісі Саурыкова А.К., қауымдастырылған профессор Барлыков Е.К., аға оқытушы Құралбаева Р.Е. үлкен үлес қосқанын атай кеткен жөн.

Сарапшылардың пікірінше, аталған дөңгелек үстелді өткізу өңірдің орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ете отырып, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ЕАЭО шеңберінде цифрлық трансформацияны жеделдетуге мүмкіндік береді.

✅ Дөңгелек үстелге қатысушылар ЕАЭО-да ғылыми-ақпараттық кеңістікті дамыту жөніндегі бірлескен жобалар мен бастамаларды қодай отырып, ЕАЭО ішінде цифрлық трансформация және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірледі.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник