KazNARU

ҚҰҚЫҚТАНУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✅ 2025 жылдың 14 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Құқықтану» білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында заң саласының жетекші мамандары мен факультет түлектерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» болып өтті.

✅ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және заң қызметтерін көрсету, экономика, мемлекеттік басқару құрылымдары, құқық қорғау органдары, қаржы, жоспарлау, шаруашылық жүргізуші субектілеріне қажетті білім беру бағдарламаларының кең ауқымын ұсынады. Құқықтық реттеу саласында жоғары білімді, білікті және еңбек нарығының заманауи талаптарына, әлемдік үздік білім беру стандарттарына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды.

✅ Факультет деканы Динара Ажинурина жиынға қатысушыларға жаңа заман талабына сай құқықтық салада, нарықтық бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың мамандандырылған бағытын жетілдіру мақсатында талқылауға ұсынылған тақырыптар аясын таныстырып өтті.

«Сіздерден құқық саласындағы жаңа тенденциялар мен талаптарды саралауды; білім беру бағдарламаларының күнделікті тәжірибеге сәйкестігін бағалауды; мемлекеттік және жеке сектордағы заңгер мамандарға қойылатын заманауи талаптардың өзгеруі туралы ой-пікір білдіреді деп күтеміз. Заңгер мамандықтарының білім беру бағдарламаларының бүгінгі экономикалық сын-тегеуріндерге бейімделуі қаншалықты деңгейде өсті? «Құқықтану» БББ біліктілігін арттыру үшін не істеуміз қажет? Өздеріңіздің тәжірибелеріңізді ортағас ала отырып, теория мен практиканың синергиясына оң ықпал ететін нақты ұсыныстарыңызды күтеміз», - деді Динара Ажинурина.

✅ Іс-шараға қатысқан «Атамекен» ҰКП Арбитраждық орталықтың арбитрі, адвокат Нұрмағанбетов Сұңқар Зейноллаұлы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жер комитетінің басшысы Алдыбаев Мұрат Серікұлы, Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Тұрманбетов Нұрғали Қосанәліұлы, Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің маманы Керімбай Ұлағат Ғабитұлы, Алатау ауданы адвокаттар алқасының мүшесі Молдабекова Зубайда Санайқызы, Алматы қаласындағы Чжун Лунь заң фирмасының заңгері, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тілебаева Гүлмира Манатқызы және университеттің оқытушы мамандары белгіленген тақырып аясында сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын білдірді.

✅ Білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге негізгі білім берумен қатар, қосымша мамандандыру жүйесін енгізу, жастардың қабілеттерін шыңдау, құқықтық қызметтің әрбір саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану ерекшеліктерін түсіндіру, белгілі бір салада ғана қолданылатын біліктілік құқықтық нормаларын меңгеруді үйрету және құқықтағы олқылықтар мен заңдық нормалардың қайшылықтары, жалпы нормалар мен принциптерді нақтылау қажеттілігі т.б. мәселелер ортаға салынды.

✅ «Дөңгелек үстелге» қатысушлар спикерлерді қызығушылықпен тыңдап, оқу-практикалық білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкес іске асыру, құқықтық ақпаратты талдау, оларды кәсіби деңгейде қолдану, белгілі практик заңгерлерді қонақ дәрістерге жиі шақыру сияқты түрлі сұрақтар қойды және оған тиянақты жауаптар алды.

✅ Сондай-ақ, қонақтар студенттер ортасында да болып, болашақ заңгерлердің кәсіби білім алу мүмкіндіктерімен жақын танысып, білім алуышыларды толғандырған өзекті мәселелерді бірге талқылап, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Бұл кездесу білім мен тәжірибенің тоғысқан диалог алаңы болды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник