ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА ЕГІЗ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 6В07208 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) – білім беру бағдарламасының бір топ студенттері, іскерлік тәжірибе жинақтау дәстүрімен «Первый пивзавод» ЖШС зауытында болып, өндіріс процесінің қыр-сырымен танысты.
Алматы облысындағы Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округының аумағына қоныс тепкен бұл зауыт еліміздің сыра қайнату өндірісіндегі ең ірі өндірістік кәсіпорындарының бірі.
«Алғашқы сыра зауыты – теориядан нақты өндіріске» атты тақырып аясында болған дәріс – студенттердің теориялық және практикалық дайындықтағы білімін салыстыру және бекіту мүмкіндігі бар оқытудың тиімді әдістерінің бірі. «Жүз естігеннен бір көрген артық» дейді халық.
Қайта өңдеу өндірістерінің 3-курс 22-09К тобының студенттері сыра өндірісін іштей көріп, өнім өндіру циклінің фазаларын, сыраны ашытудың негізгі технологиясын және қайталама ашыту дәрежесін, ашытқының түрлерін, өнімдердің резервуарға құйылуын, дайын өнімдердің сұрыпталуы сияқты өндірістік процестерді өз көздерімен көріп, тәжірибе жинақтап қайтты.
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қызметкерлері, PhD докторы Динаш Нұрдан мен өндірістік оқыту шебері Руябза Дадашова білім алушыларды жақсы қарсы алып, зауыт бойынша экскурсия жасап, практикалық дәріс ұйымдастырғаны үшін кәсіпорын басшылығына алғыс білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі.