KazNARU

KazNARU мен «BEGEMOT ALMATY» КОМПАНИЯСЫ КЕЛСІМ ШАРТ ЖАСАСТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында қазіргі күндегі аса ірі қоғамдық тамақтану орындарының бірі – «Begemot Almaty» ЖШС өкілдері студенттерге Қонақ дәрісін өткізді.

Іс-шараға факультет деканының оқу істері бойынша орынбасары Жукина А.Б., кафедра оқытушылары – Керимбаева А., Нұрдан Д., Жамурова В.С., оқу ісінің шебері Дадашова Р.Т., аға зертханашы Қалдыбай С.Ғ. және 1-3 курс студентері қатысты.

✅ GIPPO тез тамақтану желісінің технолог-аудиторлары, университетіміздің түлектері Бұлбұл Оңласын және Дәрия Қасеннің айтуы бойынша, жоғары сапалы фастфуд өнімдерін өндіретін, тез тамақтану желілісінде «Begemot Almaty» ЖШС – GIPPO атауымен танылған ірі компания Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.

✅ Тамақ өнеркәсібі – бұл көпсалалы әрі өте ауқымды сала. Және бұл салада жұмыс істеу үшін мамандар әртүрлі өнім топтарына байланысты барлық аспектілерді меңгеру маңызды. 4 цехтан (суық және ыстық цех, нан-тоқаш бөлімі, ет цехы) тұратын кәсіпорында 526 адам жұмыс атқарады.

✅ Жалпы, Begemot бренді Қазақстан нарығына 2009 жылдан бері ене бастады. Алғашында Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында шағын павильондар ашылып, жаңа фастфуд желісі құрылды. Бұл күнде арнайы рецептерге негізделген авторлық бургерлер, хотдогтар, сендвичтар, мини самса, мини дог сияқты өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие.

✅ Компанияда студенттер мен тәжірибе жинақтаушыларға арналған арнайы оқыту аудиториясы қарастырылған. Ол жерде бірнеше күн ішінде жаңадан келген қызметкерді толықтай компания стандартарымен таныстырып, бургер жасауды, фри, наггетсы өнімдерін дұрыс қуыруды, әлемдік сериядағы бургерлардің құрамымен таныстырып қана қоймай, оларды өз қолдарымен жасап көруге мүмкіндік береді. Оқыту курсы біткен соң, қосымша тестен өткізіліп, дайын маман ретінде жұмысқа қабылдай алады.

✅ Қонақ дәрісі өте қызықты ауқымда өтті. Студенттер тарапынан әр-түрлі сұрақтар қойылып, пірікталастар жүргізілді. Өнім өндіруге қатысты бейнежазбалар мен презентациялар көрсетілді.

✅ Университет пен «Begemot Almaty» компаниясы арасында 5 жылға келісім-шарт жасалынып, алдағы уақытта өндірістік-кәсіптік тәжірибеден студенттердің өтуі қамтамасыз етілетін болады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник