KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ мен АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНЫ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Алматы облысы, Кеген ауданы мектеп бітіруші жоғары сынып оқушылары үшін «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында офлайн және онлайн форматында кездесу ұйымдастырылды.

✅Кездесуді KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары, п.ғ.д., профессор Абдыров Айтжан Мухамеджанұлы ашып, университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып, кездесуге қатысушыларға сәттілік тіледі.

✅ Жиынға Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы спикерлік жасап, «Әскери» кафедра бастығы, запастағы полковник, PhD Әділбеков Еркін Қорабайұлы, «ТИАШМИ» ҰЗУ Алматы қаласындағы филиалының директоры, т.ғ.д., профессор Бердышев Абдурахим Сулейманұлы, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы, Қабылдау комиссиясының мамандары қатысып, сөз сөйледі.

✅ Сондай-ақ, «Алматы облысы Білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Масимханов Мұратжан Қожанұлы, мектеп директорлары мен мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары қатысты. Білім бөлімінің басшысы өз сөзінде Кеген ауданында жыл сайын 300-ге жуық оқушы мектепті бітіріп, ЖООларға оқуға баратынын жеткізді.

«2025 жылы ауданымыздағы 21 мектепті 298 оқушы бітірмек Оның ішінде 8 Алтын белгіге, 28 Үздік аттестатқа үміткерлер бар. Оқушылар үшін болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мақсатында оқу-тәрбие жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өңірімізде ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс көп. Сондықтан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен үнемі тығыз байланыстамыз. Бүгінгі кездесу мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда үлкен ой тастайды деп сенемін», - деді Мұратжан Қожанұлы.

✅ Бұдан кейін Қабылдау комиссиясының мамандары мен факультет декандары университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері туралы кеңінен тоқталып, оқу орны туралы презентация ұсынды.

✅Кездесу қортындысында университет басшылығы мен Кеген аудандық білім бөлімімен және барлық мектеп директорларымен Меморандум қабылданып, өзара ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластық жасалды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник