KazNARU

KazNARU МАГИСТРАНТЫ "ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ" МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

✅ 2025 жылғы 5 ақпанда "ENDLESS light in SCIENCE" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы "Үздік жас ғалым" халықаралық байқауын өткізген болатын, оған еліміздің түрлі ЖООларынан ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Енді міне, Халықаралық конкурстың қорытындысы шығып, қуанышты хабар жетіп отыр.

✅ Конкурс аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті "Инженерлік технологиялар" факультетінің 7М11201 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Ақнұр Ниязбаева "Үздік жас ғалым" медалімен, куәлігімен және I дәрежелі дипломмен марапатталды.

✅ Сонымен бірге, номинанттың «Автожанармай құю станцияларындағы қауіпсіздік: Алматы қаласы жағдайында отын-жаңармай материалдарын тасымалдау кезіндегі тәуекелдерді азайту» ғылыми жұмысы CIBERLENINKA, GOOGLE SCHOLAR платформаларында DOI коды берілген ELIBRARY электронды журналында жариялауға қабылданды.

✅ Магистранттың ғылыми жетекшісі, «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының профессоры Ербол Сарқыновты және Ақнұр Ниязбаеваны Халықаралық конкурстағы биік жетістігмен құттықтаймыз және ғылымда алға қойған мақсаттарына жете берулеріне тілектестік білдіреміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник
Chatbot